Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін өкілдері Жолдауды талқылады

25.11.2014 3124 0 пікір

Атырау өңіріндегі діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 24-қараша күні мемлекеттің дін бағытында ұстанған саясатын түсіндіру мақсатында «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы дін мәселелерін талқылау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шарада ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Нұрали Қайранбаев, өңірімізге арнайы шақыртумен келген Алматы облысы, Қаскелең қалалық «Түркістан» мешітінің Бас имамы, теолог-дінтанушы Ербол Құдабаев және "Орал Епархиясының Успен соборының приходы" Жергілікті православиелік діни бірлестігінің протоиерейі Степанов Михаилдің баяндамалары тыңдалды. 

Облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы: "Тұрақтылықты нығайтып, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы бейбітшілікті сақтай аламыз. Егер өз Отанымызда алауыздық болып, бірімізді біріміз көре алмай, шетке ысырып жатсақ, онда бүгінгі жеткен жетістіктерге қол жеткізе алмас едік. Сондықтан, Ел бірлігін өскелең ұрпаққа аманаттар басты құндылық екенін қашанда естен шығармағанымыз абзал. Бұл елім деген әр азаматтың басты міндеті болуы шарт", - деді өз баяндамасында.

Сонымен қатар басқа да діни бірлестіктердің басшылары да Қазақстандағы діни, ұлттық мәселелер туралы, еліміздің рухани қауіпсіздігі, қазіргі жай-күйі және келешегі жайында ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру