Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұжырымдамадан туындаған тұнық ой

25.11.2014 3481 0 пікір

Шымкент қаласы, Сайрам ауданы халқының тығыздылығымен ғана емес, бірнеше ұлт өкілдерінің жиі шоғырлануымен де ерекшеленеді. Сондықтан бұл аймаққа дін мәселесінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ұлтаралық татулықтың беріктігін сақтау, діни алауыздықтың алдын алу секілді маңызды мәселелерді кеңінен насихаттау кезек күттірмейтін іс.

Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Абдрахманов Сайрам ауданының имамдарымен кездесті. Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жақында ғана жолданған тұжырымдамасынан бастау алды. Тұжырымдамада көрсетілген басты мақсат - Ханафи мазһабын кеңінен дамытып, радикалды ағымдардың идеологиясына тойтарыс беретіндей деңгейге көтеру екеніне тоқталып өтті.

Жастар арасында білім сапасын көтерумен қатар, ауызбіршіліктің, татулықтың, Отансүйгіштік қасиеттің кең жайғаны маңызды екені айтылды. Имамдардың осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта орындалуы тиіс бірнеше тапсырмалар жүктеді.

А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметінен

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру