Орал орталық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен қазыналы қарияларды жинап, жиын өткізді.
Оған облыстық орталық мешітінің имамдары мен ұстаздары, облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері мен ақсақалды аталар қатысты.
Облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы төрағалық етіп, жиналған қауымға: "...асыл дініміздің құндылығын салт-дәстүрімен байланыстыратын, қазақ жастарына дана сөз айтатын, ой салатын, мешітіміздің ауызбіршілігімен, ынтымағын арттыратын, еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын тілейтін, дұға қылатында ақсақалды қариялар. Сондықтанда бүгінде ақсақалды қариялары жиналып, Әбу-Ханифа мәзһабының жамағатын санын арттыратын, жат ағымдарда жүрген қазақ бауырларымызға қандай тоқсауыл қоямыз, шетелге кетіп жатқан жастарды қалай тоқтатамыз",- деген пікірлерді ортаға салды.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы: "Алдымен облыс имамына шексіз алғысымды жеткіземіз. Осындай ақылгөй, иманды аталармен жүздескеніме. Облыс әкімінің қолдауымен халықтың рухани сауаттың арттыру мақсатында 10 000 (он мың) данадан асатын діни кітаптарды мешіттерде тегін таратып келеміз. Бұл қазақстанда алғашқы болып жасалып жатқан өнеге іс деседе болады. Бұл кітаптар сіздердің қолдарыңызға жеткен болар. Оқыған кітаптарды облыстық «Орал өңірі» газетінде «Руханият» бетті ашылғанына бір айдың жүзі болды. Осығанда сіздерде мақала беріп, халықтың санасын оятатын рухани сергітетін, мейірім ұялатын мақалалар берсеңіздер нұр үстіне нұр болатын еді. Күнделікті ақпарат құралдарынан жат ағымда жүрген бауырларымыз бен шетелге кетіп азаматтарды естіген кезде жанын түршігеді, осы мақсат елдің данасы өздеріңізсіздер. Пайдалы кеңестерінізді ортаға салып, ақылдарыңызды алайық деп жиналған болатынбыз", - деп ойын білдірді.
Жиында орталық мешіттің ақсақалдар алқасының мүшесі Ғұмар Құрақов сөз алып: "әрине қоғам бар жерде жақсылық пен жамандықтың бірге жүретіні ақиқат. Әр пенде көркем мінезімен, тура сөзімен, сабырлық арқылы асыл дінімізді көркейте аламыз. Үлкенді, кішіміз рухани сауатымыз мол болып, қай жерде жүрсекте туралықты танытсақ, ашуға берілмесек, мешіттің әр намазына үлкендер қатысып, имамдар уағыз айтып жатса, жастарға ұйып тыңдауды үйретсек, мешіттің имамы ол біздің рухани басшымыз", - деп бойына ұялатсақ онда бізден асқан мықты табылмас", - деп даналығын жеткізді.
Қазыналы қарияларымыздың жиында ортақ пікірлері мен ұсыныстары айтылды.
Жиын соңында облыс имамы Руслан Сұлтанов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов қарияларға діни кітаптарды табыстады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2014
3096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру