Атырау қалалық Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде дәстүрлі дін негіздерін үйретуде оқу орны мен ата-ананың атқаратын қызметі зор екендігін жеткізу мақсатында «Баланың басты ұстазы – ата-анасы» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Аталған шараға "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" Қоғамдық қоры мен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша Жастар ісі бөлімі ат салысты.
Аталған шарада ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Коллледж директоры Бақытгүл Хаменова, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев және өңірге арнайы келген Алматы облысы, Қаскелең қалалық "Түркістан" мешітінің бас имамы, теолог-дінтанушы Ербол Құдабаев сынды дін дін мамандары ой-пікірлерін ортаға салып, студенттер мен ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптарын берді.
Облыстың өкіл имамы Батыржан Берденұлы: "Балалар дінге келсе, ең алдымен ата-ана қолдауына мұқтаж, сол себепті отбасы дінге мұқтаж балаларға дұрыс бағыт-бағдар беруі тиіс. Ата-бабамыз, қазақтың бетке ұстар азаматтары сонау Абай бастаған зиялы қауым дәстүрлі дінімізді ұстанып келген. Керісінше балаларымыз намаз оқыса қуанып, теріс ағымға ауып кетпеу үшін дін саласынан ата-ана барынша хабардар болу керек", - деп баса айтты.
Кездесу жалғасы мамандар, ата-аналар және студенттер арасында еркін түрде пікір алмасу түрінде жүргізілді. Колледж директоры Бақытгүл Хаменованың айтуы бойынша осы қараша айында ата-аналардың қатысуымен тәрбие саласына қатысты бірқатар іс-шаралар өткізілді. Алайда, дін мамандарымен өткізілген кездесудің маңыздылығы өте жоғары деңгейде өткенін ескерді. «Себебі әр жас ұрпақ жүрегінде иманы болмаса ол патриот бола алмайды» дей келе сөзін қорытындылап, шара қонақтарына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.11.2014
3630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру