Атырау облысы, Мақат аудандық мәдениет үйінде «Дін және ұлттық мүдде» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров және Алматы облысынан арнайы келген теолог-исламтанушы Ербол Құдабаев қатысты.
Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанаты» Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Бопылдықов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының және Ақпараттық - талдау орталығының қызметкерлері, ақпараттық-насихат топ мүшелері, Мақат ауданының еңбек ардагерлері, селолық округ әкімдері, мектеп директорлары, дінтану пәні мұғалімдері, аудан тұрғындары, жастар белсенділері және БАҚ өкілдері де болды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Бенрденұлы"Дін - адамзат баласының рухани тірегі" тақырыбында баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берді. Қазақстандағы діни, ұлттық мәселелер туралы, еліміздің рухани қауіпсіздігі, қазіргі жай-күйі және келешегі жайында ой-пікірлер ортаға тасталып, ұсыныстар айтылды. Жиынға қатысушылардың барлығы ұлт бойындағы жоғалмаған рухани әлеуетті пайдаланып, жат мәдениет ықпалына көзсіз ермей, радикалды идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұратын бірден бір күш – қазақы дәстүрлі құндылықтарымызды берік ұстануға шақырды.
Конференция қатысушылары өз сұрақтарына жан-жақты жауап алып, қазіргі кездегі ағымдар мәселесі, олардың ара жігін ажырату, мәзһаб ұстанудың ел бірлігі үшін қажеттілігі туралы біраз ақпараттар алды.
Шара аяқталған соң мұсылмандардың қасиетті күні облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы аудан мешітінде "Құмар ойынға құмартпа!" тақырыбында уағыз жүргізіп, жұма намазын өткізді. Сондай-ақ, ауданға сапар аясында теолог-исламтанушы Ербол Құдабаев жергілікті жамағатпен жүздесіп, жат ағымның жетегінде емес, асыл дініміздің төңірегінде топтасу қадеттігін айтты.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.11.2014
3728
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру