Қазақстан ұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек алғашқы ресми іс сапармен Төлеби ауданына барды.
Алдымен аудандық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындарымен, мектеп директорларымен, ауыл билерімен, мешіттердің имам-молдаларымен, жастар өкілдерімен, т.б. кездесулер өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің төрт бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстары және «Дін мен дәстүр» жылының маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.
Аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Берік Қалдаров аудандағы атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады. Кездесу соңында аудандың әкімдіктің аппарат басшысы және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітов Жамбыл ақсақалдарымыз өз ризашылықтарын білдірді.
Осыдан кейін, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек бірқатар ауылдық мешіттердің тыныс-тіршілігі және діни ахуалмен танысты. Атап айтқанда, Ленгір қаласына қарасты «Шорақұл Омар» мешіті, «Төлеби» мешіті, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі «Ибадур Рахман» мешіті, Тасарық елді мекеніндегі «Тасарық» мешіт және Қасқасу елді мекендегі «Қасқасу» мешіттерінде болып, ондағы жамағатпен кездесу өткізді.
Жалпы, іс сапарды қорытындылай келе аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2014
3569
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру