Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының Бас имамы Әуезов ауданының мешіттерін аралады (ФОТО)

20.11.2014 3761 0 пікір

19 қараша күні Алматы қаласының Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы Әуезов ауданының мешіттерін аралады. «Таугүл-3» мешітінен басталған тексеру жұмысы «Музаммиль» мешітінде жалғасып, соңыра «Ақсай» мешітінде Әуезов ауданының барлық имамдарының қатысуымен мешіт жұмыстарының жұмысын қорытындылады. Онда мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы, мешіт құжаттары  және қызметкерлерінің жұмыс тәртібі, мешіттің қауіпсіздігі, қысқа дайындығы, имамдардың киім үлгісі және басқа да жұмыс тәртібі тексерілді әрі соның нәтижесі бойынша қала имамдарына бірқатар тапсырмалар беріліп, ескертулер жасалынды. 

Қазан айынан бастау алған мұндай тексерістер алдағы уақытта басқа мешіттерде де жалғасын таппақ. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру