ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен облыстық жастар ісі бөлімінің қолдауымен орталық мешітте «Дін және Ғылым», «Отбасымыздың ажырасуының негізгі себебі неде?» деген тақырыбында рухани шара болып өтті.
Шараға Жастар ісі бөлімінің жетекшісі, орталық мешіттің найб имамы Марат Асанов, қалалық мешіттің найб имамы Әзілхан қажы Бисенғалиев, облыстық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Уәлиахмет Данияр, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің «Ақиқат» пікір-сайыс орталығының мүшелері, «Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Жеткергенұлы, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ-нің жалынды студенттері қатысты.
Жастар ісі бөлімінің жетекшісі, орталық мешіттің найб имамы Марат Рахметтоллаұлы: Білім –ғылым-адамзат дамуының қозғаушысы. Хазіреті Алидің: «Малды сен қорисың, ал ғылым сені қориды» деген сөзінің астарында терең мән жатыр. Асыл дінімізді жеткізіп, ғылымға бас қойып қана елімізді, ұлтымызды шыңдарға сүйрейтін білімді ұрпақ біздерміз. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Халық қанша бай болса да уақыт өте келе бүкіл байлығы білімді халықтардың қолына өтеді», - деп айтқан ойлы сөз жеткізді.
Әзілхан қажы Қайратұлы: «Отбасымыздың ажырасуының негізгі себебі неде?» тақырыпта студенттер арасында пікір алмасу бағытында сауалдарын жолдап, тағылымды әңгімелермен жеткізді.
Рухани кеште білімді жастар атынан сөз алған облыстық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Уәлиахмет Данияр шексіз алғысын айтып, болашақта дін мамандарымен тығыз байланыста болатындығын жеткізді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2014
3091
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру