Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіті тұңғыш рет азаншылар арасында «Аллаға жағамын десең азанды бол» атты азан айтудан жарыс өткізілді. Жарысқа облыстағы ең үздік деген 52 азаншылар қатыстырылды. Жарыс барысында азаншыларға бірқатар талаптар қойылды. Олар:
- Азан сөздеріндегі әрбір әріптің дыбысталуына (махражына) мұқият болу;
- Азан сөздерін тәжуид қағидаларына сай айту;
- Дауыстың көркемдігі;
- Азанға (тарихы т.б) байланысты қосымша сұрақтар.
Бұл жарысқа облыс имамы Ахмеджан қажы Керімбек, облыс имам орынбасарлары М.Естеміров, Т.Дәрібаев және Шымкент қалалық мешіттің бас имамы Б.Абдурахмановтар төрелік жасады.
Нәтижеде азанды көркем айту байқауына төрелік еткен әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Бірінші орын: Жүсіпбек Қасымбеков, Түркістан қалалық «Хилует» мешітінің азаншысы.
Екінші орын: Камал Шонтықов, Сайрам ауданы, Қарасу елді мекені «Ислам Абад» мешітінің азаншысы.
Үшінші орын: Талғат Бейсеков, Шымкент қаласы «Исамиддин баба» мешітінің азаншысы. Жеңімпаздарға өкілдік тарапынан арнайы сый-сияпаттар мен дипломдар табысталды. Ал қалған азаншыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Осы орайда, азан айтудың сауаптары жөнінде бірер сөз айтуды жөн санаймын. Жалпы, Ислам дінінің рәміздерінің бірі – азан. Азан – Алланың және Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) есімін айналаға жар салу. Күніне бес рет намаз оқушыларды мешіт мұнарасынан намазға шақыратын діни рәсім. Шариғатта азан айтушыны - муаззин делінелді.
Азан айту сауапты іс. Бұл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Кім он екі жыл азан айтса, оған жәннат уәжіп болады. Оған әр азаны үшін алпыс, ал әрбір қаматы үшін отыз жақсылық жазылады», - деген.
Келесі бір хадисте: «Азаншы азан шақырғанда дауысы қанша жерге жетсе, сол жердегі жанды-жансыз мақұлықтар истиғфар айтып тұрады. Қиямет қайым болса азаншының дәрежесі жоғары болады. Алла үшін азан айтса оған тозақ арам болады», - деген.
Тағы бір хадисте: «Қиямет күні азаншылар пыраққа мініп жүреді, оны көрген ел: ой бұл қайсы пайғамбар, не қайсы шаһиттер,- деп бір-бірінен сұрайды. Сонда Алла Тағала сол елге хабар береді: «Олар пайғамбарлар емес, шаһиттер де емес, жалған дүниеде азан айтқан пенделер». Қиямет күні ең бірінші пайғамбарларды киіндіреді, одан кейін ғалымдарды киіндіреді, Одан кейін азаншыларды киіндіреді. Кімде-кім азан айтса ол жерден шайтан қашады» және «Азан мен қаматтың арасында бір дұға оқыса, шексіз қабыл болады», - деген.
Жарыс соңында облыс имамы Ахмеджан қажы Керімбек азан жарысына қатысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, үздік шыққан азаншыларды желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін республикалық азаншылар жарысына жолдама берілетіндігін айтып, ризашылығын білдірді.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2014
4200
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру