Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінтанушының Атыраудағы сапары

19.11.2014 3155 0 пікір

Атырау жеріне еліміздің білікті дінтанушыларын шақырып, дінсүйер ағайынға пайдалы уағыз-насихат жүргізу бастамасы жыл басынан-ақ өкілдік тарапынан қолға алынғанды. Аллаға шүкір, бұған дейінгі мұнайлы өлкеге келген білімді дін мамандарымыз әсерлі уағыздарымен жамағаттарымызды сусындатып кетті.

Осыған орай өңірімізге кезекті сапар аясымен Қызылорда қалалық «Нұр» мешітінің ұстазы, танымал теолог-дінтанушы Батырбек Убаев келді. Білікті дінтанушы Атырау қаласының "Иманғали" орталық мешітінде Сондай-ақ, қалалық «Құспан молла», «Әт-Тақуа», «Қ.Мұңайтпасов» атындағы мешіттерде күнделікті ақшам мен құптан намаздарының арасында жамағатқа уағыз айтып,  олардың қойған сауалдарына тұщымды жауаптар бере білді.

Сондай-ақ, облыстық Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен дінтанушы  Б.Убаев  Атырау агро-техникалық колледжінің студенттерімен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп», «Атырау» спорт кешенінде қала көлеміндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен «Жастар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу», «Н.Тілендиев» атындағы Кіші Өнер Академиясының жоғары сынып оқушыларымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» т.б. тақырыптарда өткен келелі кездесулерге қатысты.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру