Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қаладағы діни ахуалға қатысты кеңес өтті

19.11.2014 2893 0 пікір

Ақтауда қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес өтті. Жиында дін мәселелері бойынша құрылған қалалық ақпараттық насихаттау тобының жұмысы таныстырылды.  ҚМДБның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындысын  айтып, бас мүфти Ержан қажы Малғажы ұлының бұйрығымен жасалған бірқатар шараларға тоқталып өтті. Бас мүфтидің арнайы төрт бағыттан тұратын тапсырмасына сәйкес, уағыз насихат жұмыстарын жандандыру, теріс ағым өкілдерімен жұмыстану, қайырымдылық шараларын өткізу, діни сауат ашу курстарын өткізу бойынша нәтижелі орындалған жұмыстарды атады.

Кеңес отырысына қатысқан қалалық прокуратура, қалалық ІІБ, қалалық білім бөлімі, қоғамдық бірлестік өкілдері жыл бойы  қаладағы діни ахуалдың тұрақтылығы үшін атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті.

Жиын барысында кеңес мүшелері дәстүрлі дінді насихаттауда Заң шеңберінде қызметтер атқарылып жатқандығын, жастарды бірлікке, ұлтаралық татулыққа насихаттау жолға қойылғандығын сөз етті.

Сондай ақ,  кеңесте түйткіл мәселенің қатарында мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің ата аналарын да діни сауаттандыру қажеттілігі туындап отырғандығы айтылды.

Кеңес мүшелерінің жұмыстарымен танысқан қала әкімі Е.Жаңбыршин ақпараттық насихаттау тобының жұмысы әрі қарай жалғаса беру керектігін, уағыз насихат істерін жандандыра беру бүгінгі күннің талабы екендігін айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру