Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңызы зор, тарихи құжат

18.11.2014 3102 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы Оңтүстік өңіріне тың серпіліс әкелді. Асыл дініміздің адамгершілік қағидаларын насихаттау, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстыру мақсатында игі істің бастамасы екені анық.

ҚМДБ-ның жанындағы Ғұламалар кеңесі мен Жоғары Төралқа мүшелері қабылдаған жүйелі жоба көпшіліктің көңіліне жылу ұялатып отыр. 

ҚМДБ ОҚО өкілі Ахметжан Керімбектің тапсырмасымен қала, аудан имамдары арасында кеңейтілген жиналыс өткізіліп, ҚМДБ  тарапынан жасалған ізгі істің маңызы мен мақсаты, қажеттілігі мен пайдасы кеңінен сөз болуда.

Қалалық А.Қаттани мешітінің Бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың қатысуымен өткен жиналыста тұжырымдаманың әр тармағы сараланды. Қала имамдары тарихи құжаттың еліміздің жарқын келешегі үшін зор маңызы барын бірауыздан мақұлдады.

«Ендігі мақсатымыз тұжырымдамада көрсетілген әрбір мәселенің міндеттемесін мойнымызға ала отырып,  елге тарату, түсіндіру және жүзеге асыру жолында иық тіресе отырып, бірлесе жұмыс жасау», – деді Бас имам Бақдаулет Абдрахманов.

А. Қаттани мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру