Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баршатаста мешіт ашылды

18.11.2014 3759 0 пікір

Қасиетті жұма күні Аягөз ауданына қарасты Баршатас ауылында Нұралы батырдың атынан мешіт ашылды. Мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Семей өңірінің өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай, Семей қаласы «Тас» мешітінің имамы Нұрбек қажы Салимов, «Тыныбай» мешітінің имамы Біржан қажы Аманжолұлы, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Сейілбек Абиұрұлы, Аягөз ауданының Бас имамы Маратқан қажы Мұхтарханұлы жәнде де басқа да мәртебелі қонақтар қатысты. 

Өкіл имам Мақсат қажы Алтыбайұлы мешіт лентасын қиғаннан кейін, ауыл халқын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы сәлемін жеткізді. Мешіттің имамы болып ҚМДБ-на қарасты «Шамалған» медресесінің биылғы түлегі Қуанышбек Нұрмыханұлы тағайындалды.

Өкіл имам тағайындалған жас имамның алғашқы еңбек ақысы ретінде отыз мың теңгені өзі табыстады. Осыдан кейін жиналған көпшілік жаңа мешіт ішінде жұма намазын оқыды. Жұма намазынан кейін келген қонақтар мешіттің ашылу салтанатына арнайы әзірленген ауылдың мәдениет үйіндегі концертті тамашалады. Мәдениет үйінде мешіттің салынуына қол үшін берген барлық демеушілерге аудан әкімі Нұрбол Жолдаспекұлы атынан алғыс хаттар табыс етілді. Соңынан ас беріліп, дүниеден өткен марқұмдарға Құран аяттары бағышталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру