Кеше «Нұр Отан» партиясы ғимаратында облыс активінің жиналысы өтті. Шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, ардагерлер, ғалым-ұстаздар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкер, дін өкілдері, БАҚ өкілдері мен жалынды студенттер қатысты.
Күн тәртібінде бір ғана мәселе –ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атта халыққа Жолдауын түсіндіру және іске асыру шаралары сөз болды.
Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев активке қатысушылар алдында сөз сөйледі:
– Елбасы геосаяси жағдайды дөп басып бағалай келе «Қазақстан-2050» тратегиясына сәйкес мемлекеттің жарқын болашағы даму бағытын айқындап отыр. Нақты қауіптер мен заманның сын-қатерлерін негізге ала отырып, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрақты дамуы, азаматтарымыздың әл-ауқыты мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның қорғалуы мен қауіпсіздігінің әлсіркуіне жол бермеу мақсатында ел Президенті халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа бағдарлама ұсынды.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Біз жалпыұлттық идеямыз-Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлыжолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекем-деп, аянбай тер төгуіміз керек» деді.
Жиын соңында актив жиналысы негізінде резолюция қабылданды.
Одан кейін облыстық «ТДК-42» телеарнасына орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сұхбат беріп: Елбасы бізге үлгі етіп көрсеткендей, тынымсыз еңбек етіп, зор жауапкершілікті сезінуге, бар мүмкіндігіміз бен құзыретіміз шегінде оған белсене қатысуға шақырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2014
3686
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру