ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев мырза Жамбыл облысы, Қордай ауданына арнайы іс-сапармен келді. Ғ.Мәжиев мырзаны ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Д.Жұмабаев, Қордай ауданының Бас имамы Ә.Шалбаев қарсы алды. Аппарат жетекшісі Ғ.Мәжиев мырзаны Қордай ауданының әкімі Қ.Ә Досаев қабылдады.
Аудан әкімі Қ.Ә.Досаев аудандағы діни ахуалды тілге тиек етіп, аудандық «Қордай» мешітінің, аудан Бас имамы Ә.Шалбайдың жұмысына оң баға берді. Өз сөзінде Қ.Ә.Досаев биылғы жылғы Рамазан айын еске алып, аудандық «Қордай» мешітінде Рамазан айы жоғары деңгейде өткендігін айтып өтті.
Сапар өз жалғасын Масаншы ауылында орналасқан «Мұсылмандар» мешітінде тапты. Мешітте өткен жиынға ауыл әкімі Я.Искаков, №50 орта мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» саяси партиясының мүшесі Машанло Малик Джебурович мешіт жамағаты, ауыл имамдары қатысты.
Кездесуде аталмыш мешіт аумағында орналасқан ғимаратта қарилар орталығын ашу жөнінде ұсыныстар талқыланып, көпшіліктің мақұлдауымен «Қарилар орталығын» ашу бір ауыздан келісіліп, хаттамамен бекітілді. Кездесу барысында Ғылымбек Мәжиев мырза ҚМДБ-ның жұмысының бағыт бағдарын сипаттап, түсіндіріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады. Жамағат ҚМДБ-ның жұмысына оң баға беріп, дән риза болды. Келесі жиын Масаншы, Сортөбе және Аухатты ауыл аймақтарының имамдарымен өтті. Ауыл имамдарынада төрт бағыт жұмыс бойынша, биылғы «Дін мен дәстүр» жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат беріліп, көкейкесті мәселелер талқыланды.
Жамбыл облысы, Қордай аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2014
4256
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру