Атырау аймағына арнайы келген ҚМДБ-ның Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Атап айтқанда, Атырау облыстық "Қазақстан-Атырау" телеарнасы дайындаған "Иман нұры" бағдарламасында болып "Дін мен дәстүр сабақтастығы" тақырыбында сұхбаттасты. Және осы тақырып төңірегіндегі сұхбат Атырау облыстық радиосының "Жұмадағы жүздесу" атты радио-бағдарламада жалғасын тапты. Аталған бағдарламада ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жылды "Дін мен дәстүр жылы" деп жариялағаны туралы және оның маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, көрермен тарапынан аталмыш тақырып төңірегінде еліміздің түкпір-түкпірнен сан алуан сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар берілді. Соның ішінде Жамбыл облысы, Тараз қаласынан, Шардара, Жаңаөзен қаласының көрермендері тікелей эфирге телефон шалып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан жасалынған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2014
3276
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру