Алматы облысы Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы «Нұр отан» партиясы қалалық филиалының XV есеп беру - сайлау конференциясына қатысты. Өкіл имам Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа және Талдықорған қаласының әкімі Алпысов Ермек мырзаға көптен күткен, қаламыздың көркіне айналған орталық «ИМАН» мешітінің ашылуына мұрындық болғаны үшін өкіл имам, Бас мүфтидің атынан алғысын білдіріп, мешіт жамағатының жылы лебіздерін жеткізіп, көпшіліктің алдында арнайы дайындаған алғыс хатпен марапаттады.
Ұзақ жылдар бойы құрлысы жалғасып келген жаңа мешіттің ашылуы халықты зор сүйіспеншілікке бөлеп, төбелерін көкке жеткізді.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.11.2014
3457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру