Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін мен білім ұштасқан жиын

16.11.2014 3210 0 пікір

Атырау облысы, Махамбет ауданында Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен «Дін және білім» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Аталмыш конференцияға ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов, теолог-исламтанушы Қанат Жұмағұл, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан Сейітқалиев, ауданның зиялы қауымы мен мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда тағылымды баяндамалар жасалып, қоғамдағы діни құндылықты арттырудың жолдары ортаға салынды.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы конференцияда «Дін – білімнің бұлағы» деген тақырыпта баяндама жасады. Шара аяқталған соң мұсылмандардың қасиетті күні облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы аудан мешітінде  «Кешірімді болу – кеңшілік» тақырыбында уағыз жүргізіп, жұма намазын өткізді.

Атқарлыған шаралар соңында Махамбет ауданы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Бердешқызының ұйымдастыруымен келген қонақтар құрметіне дастархан жайылды. Дастархан басында ауылдың зиялы қауымы және ақсақалдар ақ батасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру