Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының жетінші күнінде ерлер арасындағы 94 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жасұлан Қыдырбаев алтын алқаға ие болғаны белгілі.
Жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланған ол алғашында 175 келіні бағындырса, екінші мүмкіндікте 179 келіні еңсерді. Үшінші мүмкіндігінде 182 келіні көтере алмады.
Ал, серпе көтеруде 215, 221 және 229 келіні бағындырды. Қос сайыс нәтижесі бойынша 408 (179-229) келіні көтеріп, Әлем чемпионы атанды.
Назарларыңызға Жасұлан Қыдырбаевтың 229 келі бағындырған мерейлі сәттен соң сәжде жасап, Жаратқанға шүкірлік еткен сәтін ұсынамыз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2014
3958
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру