Қазақстан Республикасының Премьер – министрінің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев күні кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Даниал Кенжетайұлы Ахметовпен облыстық мешітте бас қосты.
Өскемен қаласының тыныс – тіршілігіне көз жүгірткен жаңа әкім мешітті аралап, ата-баба рухына Құран бағыштатты.
Облыстың Бас имамы Нұрлан Байжігітұлы мешіт құрылысының тарихынан басталған аймақтағы барша игілікті істерді баяндады. Кезегінде Бердібек Сапарбаев облыстық мешіттің Бас имамына және католик, православ, яхуди дін басшыларының иықтарына қазақы дәстүрде ақиықты шапан жапты.
Ал, өз кезегінде облыс әкімі қызметте болғанда, иық тірестіре елдің қамы үшін, ұлтымыздың бірлігі мен дінаралық татулыққа ат салысқан еңбегі үшін, руханиятты алға бастыруда, Елбасы тапсырмасының орындалуында тірек болған Бас имамға алғысын айтты. Жаңадан тағайындалған Даниял Кенжетайұлымен бірлесіп, жемісті жұмыс атқаруға табыс тіледі. Облыс әкімі, шығыстың барша игі жақсылары, терме – арнау, сый – сыяпатпен Өскемен әуежайынан ел ағасын шығарып салды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.11.2014
3316
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру