Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласының ұстаздары бас қосты

13.11.2014 3288 0 пікір

Алматы орталық мешіті жыл аяғы қарсаңында қаланың мешіт ұстаздарының басын қосып, семинар өткізді. Семинардың мақсаты жылды қорытындылауға қала мешіттерінің дайындығын пысықтау болатын. Қаладағы әр мешітте сауат ашу ісіне жауапты ұстаздардың алдына үлкен талаптар қойылды. Семинарда жасөспірімдерді жат ағымның жетегінде кетуден сақтап қалу үшін сапалы білім беру, олардың жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп оқыту, сабақ жоспарының бірізді болуы, белгілі бір оқулықтарды пайдалану және басқа да көптеген өзекті мәселелер сөз етілді.

Ұстаздардың ұсыныстары тыңдалып, оқулықтарды жүйелендіру тұрғысында, халыққа қол жетімді діни білім беру және оны көпшілікке жария ету жөнінде тың жобаларды қолға алу жайы сөз етілді.  

Сонымен қатар семинарда әр мешіттің жыл бойы атқарылған жұмыстары жеке жеке талданып, баға берілді. Ұстаздар бір-бірінің баяндамаларын тыңдау арқылы өзара тәжірибе алмасып, сауат ашу жұмысын одан әрі жандандыруға жаңа бір серпіліс алып тарқады.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру