Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Келет» акционерлік мекемесінің жұмысшыларымен кездесу

13.11.2014 3192 0 пікір

Алматы қалалық әкімдігі діни істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Жетісу ауданы  «Келет» Ашық акционарлық мекемесінің жұмысшыларымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы» іс-қимыл жөніндегі Ел басының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелеріне арналған жұмысшылармен семинар бас қосуы өтті.

Семинарға «Нұр Отан» партиясының мүшесі қалалық маслихат депутатының көмекшісі Қ.Қ. Дүйсенов, экономикалық  қауіпсіздік департаментінің директоры А.А. Зачайный және  «Амин» мешітінің бас имамы  М. Ақтамберді қатысты. Семинарды Алматы қалалық діни істер жөніндегі басқарманың маманы Қ. Қарабалаев жүргізді.

Семинар барысында М. Ақтамберді дәстүрлі ислам дініндегі ханафи мазхабының қазіргі қоғамындағы ролі, ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ислам құндылықтарының кері ағымдармен айырмашылықтарын айшықтап берді. Жастарға отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру, діни экстремизімнің зиянды жақтары, қазақ халқының бойына біткен құндылықтары жөнінде  мағлұмат берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның рұқсат еткен сайттардан дәстүрлі ислам туралы құнды ақпарат алу жөнінде кеңінен тоқталды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру