Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауға қолдау үшін имамдар бас қосты

13.11.2014 5156 0 пікір

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті  Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен түсініп, алдағы уақытта қызмет барысында жүзеге асыру мақсатында  мәжіліс болып өтті.

Бас қосу Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешіттің мәжіліс залында болып өтті. Оған қала, аудан орталық мешіттерінің имамдары қатысты. 

Жолдауды алдымен ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек жан-жақты түсіндіріп берді. Онда кәсіп пен нәсіпті, көп ұлтты еліміздің ынтымағымен бірлігінің басты назарда екенін атап өтті. Дін өкілдері әр уақытта елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет етуге қажет екіндігі атылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз», – деген сөзі имамдарға ерекше жігер бітіретін болады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  кезекті  Қазақстан халқына Жолдауы имамдар арасында қолдауға ие болды.


Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша Өкіл имам орынбасары 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру