Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жақыныңа үміт сыйла» атты акцияда имамдар қан тапсырды

13.11.2014 2948 0 пікір

Бүгінгі таңда ауруханаларда қан тапшы екені белгілі. Осы жағдайды ескере отырып, қан тапсыру сынды сауапты істі халық арасында насихаттау мақсатында  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласында орналасқан «Облыстық орталық» мешітінде «Жақыныңа үміт сыйла» атты қан тапсыру шарасы ұйымдастырылды.

Атылмыш шараға  облыс көлемінде Шымкент қаласы, Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби және Сайрам аудандарының имамдары қатысып 160 имамның әрқайсысы 450 грамнан қан өткізді. Бұл шара дәстүрлі түрде төртінші рет өткізілуде.

Жалпы,  қан тапсыру –  Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннеті әрі адам ағзасы үшін өте пайдалы болып табылады. Қасиетті Құранда: "...Кімде кім біреуге өмір сыйласа (өлімнен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең" (Майда сүресі 32 аят) - деген.

Шара соңында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек өз қанынан өзгеге бөліп беріп, шынайы жанашырлық, бауырмалдық, мейірімділік білдіріп, сондай-ақ өзгеге үлгі боларлық іс жасап жатқан бауырларымызға ризашылығын  білдірді. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру