Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүжәлсіз отбасыларға азық түлік таратылды

12.11.2014 3351 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қайырымдылық іс шара ұйымдастырылып, мүжәлсіз отбасыларға күнделікті тұтынуға лайықты қажетті азық түліктер берілді.  Өкіл имам С.Сейтбеков жиналғандарға бүгінгі мүмкіндіктің қайырымды азаматтардың қолдауымен жасалып отырғандығын айтты.

Шариха Әбдуразад - сегіз баланың анасы.  Оралмандар орталығында тұратын ол жұбайының жұмыссыз жүргендігіне қынжылады. «Әр баланың несібесі бар. Қиналып қап отыр едік, сіздер телефон шалғанда қатты қуандық. Алланың ризығы осылай күтпеген жерден келеді ғой», дейді ол.

Жыл басынан бері облыстық мешіт тарапынан мүжәлсіз отбасыларға қайырымдылық ретінде қажетті азық түліктер таратылып келеді. Атап айтқанда күні бүгінге дейін  2 мыңнан астам адамға көмек берілген.  

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру