Аллаға шүкір, еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары рухани құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Мешіттеріміздің саны артып, олардың іші жамағатқа толуда. Сол жамағаттың бес уақыт намазға жиылуына сөзсіз әдемі әуезді азанның әсері мол.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау үшін бүгін Алматы орталық мешітінде азанды өз нақышына келтіре айтатын азаншыларды іріктеу сайысы өтті. Сайысқа Нұр-мүбәрак египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Халид Ғаним, ҚМДБ пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділда Бекжігітов, қаланың бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы төрелік етіп, үздіктерді анықтады. Қаламыздың мешіттерінен 24 үміткер қатысқан додада үздік азан айтқан 3 азаншы: Ашимов Қасым, Хонан Айдир, Исманов Алимхан желтоқсан айында өтуі жоспарланған Республикалық азаншылар жарысына жолдама алды.
Алла есімін айналаға әдемі әуенмен қалықтататын азаншыларымыз көп болсын, азанның әуезді әуені дәйім еліміздің мұнараларынан қалықтай берсін, ал Азанның сөздері тек тілімізде ғана емес, жүрегімізде де дәл осылай орын алсын дегіміз келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.11.2014
3770
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру