Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам уағызшылармен (ЖУНТ) кездесті

11.11.2014 3350 0 пікір

Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» Құран оқыту орталығының мәжіліс залында жаңадан қайта жасақталып құрылған жергілікті уағыз-насихат тобының  алғашқы мәжілісі болып өтті.

Оған ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек,  облыстық орталық мешіттің найб имамдары және бір топ мүшелері қатысты.

Өкіл имам А.Пірәліұлы алғашқы сөз алып, бұл топтың маңыздылығына ерекше тоқталды. Тіпті, бұл жұмысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің төрт бағыт бойынша берілген тапсырмасы екендігін ерекше атап өтті. Жаңа топтың жетекшісі етіп өкіл имам орынбасары әрі РАНТ мүшесі Еркебұлан Қарақұловты жауапты етіп бекітті.  Жаңадан ашылған топқа діни білімі жоғары тәжірибесі мол 28 имам іріктеліп алынды.

Топ мүшелері жыл соңына дейін бес уақыт намазға жамағаты көп келетін мешіттер мен облыс аумағында орналасқан 6 түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен кездесулер өткізіледі. Мұнымен қатар, Шымкент қаласындағы облыстық «Айғақ» телеарнасына аптасына бір рет эфирге жергілікті уағыз-насихат тобының жұмыстары жөнінде арнайы телехабар ашылатын болып шешілді.

Сондай-ақ, алдағы жаңа жылдан бастап облыс көлеміндегі 12 жоғары оқу орындары, 45  орта арнаулы оқу орындары, 985 орта мектептер  мен өзгеде  түрлі мекеме қызметкерлерімен уағыз-насихат жұмыстары бойынша кездесулер өткізу жоспарлануда.

Мәжіліс барысында өкіл имам А.Пірәліұлының тапсырмасына орай  топ мүшелері айына екі рет аудан, қала, ауыл көлемінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Ал олардың нақты есебі айына бір тыңдалады. Жалпы, топ мүшелері тарапынан бірқатар мәселелер қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жаңадан қайтқа жасақталып құрылған топ мүшелеріне Алла тағала жеңілдігін нәсіп етсін. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру