Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жезқазған аймақтық имамдар жиналысы өтті

11.11.2014 3405 0 пікір

Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы қала, аудан, ауыл имамдарымен жүздесіп, кезекті жиналысын өткізді. Өткен жиналыста 2015 жылғы төл басылымдарымыз «Ислам және өркениет» газеті және «Иман» журналына жазылу керектігі айтылған болатын.Осы мәселе бүгінгі жиналыста тағы да пысықталды.

Атап айтқанда  Қаражал қаласы, Сәтбаев қаласы, Жәйрем, Жезді кенті, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан келген имамдарға халық арасында, мекемелерде басылымдарға жазылуға насихат жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Және де қоғамда белең алып бара жатқан «Сәләфилік», «Уахабилік» ағымдарға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын мүмкіндігінше үдете түсу керек екендігін баса айтып өтті.

Қараша айының 24-і күні сағ: 10-да, Жезқазған медрессесінде аймақтық имамдар арасында семинар болатындықтан, осы күнге  жылдық есепті дайындап әкелу керектігін ескертті. Осы айтылған жұмыстарды орындауға Алла Тағала жеңілдігін берсін деген ниетте тарқады. 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру