Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дінаралық келісім − ел бірлігінің тұғыры

10.11.2014 3616 0 пікір

Атырау облысы, Жылыой ауданында "Дінаралық келісім − ел бірлігінің тұғыры" атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Б.Мансұров, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі, Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы А.Бопылдықов, "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы Қ. Жұмағұл  және Жылыой ауданы №7 орта мектептің «Дінтану негіздері» пәнінің мұғалімі Е.Саматтың баяндамалары тыңдалды. Конференция жұмысы  қорытындыланып, үндеу қабылданды.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров конференцияда «Ислам − татулықтың діңгегі» деген тақырыпта баяндама жасады. Онда бас имам: "Расында Алла Елшісі мұсылман үмметіне үркітуді емес, керісінше өз дінін шынайы түрде жеткізе білуді көрсетті. Сондықтан қоғамдағы бейбітшілік орнату, татулықтың тамырын тереңге жаю дін қызметкерлерінің емес әрбір мұсылманның міндетіне айналуы тиіс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүние салғаннан кейін ел тізгінін ұстаған халифалар да кітап иелерімен араласып, тығыз байланыс жасаған. Ислам діні ақыл мен парасатты жоғары қоя отырып, өзгенің де ой-пікіріне құрметпен қарайды. Адамды бір ғана сенімге арқандап, оған қатаң көзқарастарды таңбайды, оған ешкімді мәжбүрлемейді. Иә, аят пен хадисті халыққа сөз шеберлігімен жеткізе білген дана халқымыз: «Татулық табылмас бақыт», - деп бұқараны берекеге ұйытып отырған. Бүгінде бұл қағида өз мәнісін жойған емес. Сол үшін әрбір мұсылман баласы дінін дұрыс ұстана отырып, өзге діндермен бірге бейбітшілік орнатуы тиіс. Сонда ғана ынтымағы жарасқан ел боларымыз ақиқат", - деді.

Шара аяқталған соң мұсылмандардың қасиетті күні облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы  "Басқа пәле тілден" тақырыбында әсерлі уағыз жүргізіп, жұма намазын өткізді.

Атқарлыған шаралар соңында Жылыой ауданы әкімі Ізбасов Мақсым Шафиқұлының ұйымастыруымен дастархан жайылды. Дастархан басында ауылдың зиялы қауымы және ақсақалдар келген қонақтарды жылы қабылдап, ақ батасын берді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру