Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ата-аналармен өткен кездеу

10.11.2014 3186 0 пікір

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков 8 қараша күні Ақтау қаласындағы №20 мектептің акт залында ата-аналармен кездесті. Облыс бойынша мектеп оқушыларынан бастап, әртүрлі мекеме қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Облыстық дін істері басқармасымен бірлесе өткізіп жатқан шаралардың бірі қаламыздағы барлық мектептің ата-аналарымен кездесу өткізу. Кездесу барысында өкіл имам С.Сейтбеков қазіргі таңдағы діни ахуал жайында түсіндіре келе, дін атын жамылған теріс ағымдардың әрекеттері жайында түсінідіріп өтті. «Ата-ана ретінде сіздер діннен қорықпаңыздар, дін қоғамда татулық пен бірлікті қалайтын рухани сенім. Намазға жығылған жанның бәрі уаһһаби емес. Ислам ешкімнің ала жібін аттамауды бұйырады» дей келе интернетті пайдаланған балаңызға мұқият болуларыңыз қажет деп түйіндеді.

Теріс ағымдар, лаңкестік ұйымдар интернетті пайдаланып, жастардың санасын улауда. Сондықтан ата-ана ретінде баламыздың әрекетіне мұқият болайық.

Кездесу соңында өкіл имамға ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды.

Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру