Семей қаласындағы Бір мұнаралы «Тас мешітінде» мешіт жамағаттармен кездесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, кадр бөлімінің меңгерушісі Байұзақ Бекмұратов қатысты.
Діни басқармадан жұмыс сапармен келген қонақтарды, Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы таныстырып, алғашқы сөзді ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқановқа берді. Еліміздің ішіндегі мұсылман қауымының бірлігімен, ынтымағы отанымыздың тыныштығы туралы, кеңінен тағылымы мол уағыз айтты.
Дінімізді біліммен танудың маңыздылығы, көркем мінез құлық тақуалық жөнінде насихат айтты. Білімсіздік бір жақтылыққа, адасушылыққа, қателікке ұрындырады. Бұндай теріс қылықтардан сақтанып абайлауымыз қажет. Кейбір өзіміздің қаракөз қандастарымыз, шетел асып, Сирияға басқада араб елдеріне барып, жиһад жасаймыз деп шектен шығып жатқан жағдайлар орын алып жатыр. Дінімізде мұсылман-мұсылманға зұлымдық жасау, қан төгу, қылмысқа бару қатаң тыйым салынған харам істер екеніне кеңінен тоқталды. Біз қазіргі уақытта бейбітшіліктің, тыныштықтың қадірлі қасиетін білуіміз керек. Отанымызда тыныштық, болсын. Бірлігіміз бекем болып, ынтымағымыз арта берсін. Еліміз өсіп өркендей берсін деген ізгі ниетін білдірді.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2014
3247
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру