Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі өткен баспасөз мәслихатында Исламдық қаржыландыруды дамыту қауымдастығының президенті Ерлан Байдәулет осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Бүгінгі таңда елімізде декларативті сипаттағы заңнама бар. Ал Аазаматтық кодекске «исламдық қаржыландыру» термині енгізілді, қазірше бар жасалғаны осы болып тұр. Қаржы институттары мен бақылаушы органдар арасындағы салықтық операциялар мен өзге де қаржылық операциялардың негізгі тетіктері толыққанды қамтылып, ескерілмеген. Парламентте заң жобаларының 3 пакетінде ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып жатыр. Жаңа заңда барлық операциялық құралдар, салық режимі нақты және айқын жазылатын болады. Осылайша, біз даму үшін институционалдық негіз құру мүмкіндігіне ие боламыз. Соның нәтижесінде, қомақты инвестициялар тартылады деп көздеп отырмыз, - деді Ерлан Әлімжанұлы.
Оның айтуына қарағанда, депутаттар талқылауында жатқан заң жобалары алдағы жылдың орта шеніне қарай қабылданады деп күтілуде. Бұл ретте жаңа заң бүкіл индустрияны дамытуға зор серпін беретіндігі сөзсіз деп болжайды сала мамандары.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Baq.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2014
2950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру