Жуырда Қазақстан Республикасы Әуе күштерінің штабы «Дәстүрлі діннің қоғамдағы орны» атты тақырыпта кездесу өткізіліп, оған «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Асхат Сәлімов арнайы келіп, баяндама жасады. Ел іргесі берік болса, бесіктегі бала ұйқысының тыныш боларын жете ұғынған қазақ қоғамы үшін әскер сапындағы ер азаматтардың да сенімі нық, серті адал болуы әрқашан да маңызды.
Осы мақсатта қолға алынған бүгінгі шаранының ұйымдастырушы Иделогия және насихат бөлімінің жетекшісі подполковник А.К. Қозғабаев қарулы күштер саласындағы мызғымас тұрақтылық азаматтардың отансүйгіштігіне, патриот болуына байланысты дейді.
Ал өз кезегінде зайырлы қоғамдағы дін мәселесі, дәстүрлі дін ұстанымы төңірегінде баяндама жасаған мешіт өкілі Асхат Сәлімов әскерилерге бірінші кезекте Отан алдындағы адалдық асыл діннің айтар насихаты екендігін жеткізді. «Отан отбасыдан басталады» деген тәмсілмен тірлік кешкен қазақ халқы үшін отбасының, Отанның орны айрықша. Ата-анаңа, еліңе, жеріңе қызмет қылу – ислам дінінің негізгі үкімінен. Сол себепті, бабалар ұстанған бағытпен, елмен бірге таң атырып, жұрттың жүгін жұмыла көтеру әрбіріміз үшін - міндет» деген дін қызметкері әскер сапындағы азаматтарға салмақты ой тастады.
Келелі кездесуде әскери қызметшілер де өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, салиқалы сұхбат өрбітті. Кеш соңынан Әуе күштері штабына арнайы ат басын бұрып, асыл дін жайында жылы әңгімелерімен бөліскен дін қызметкеріне әскери қызметшілер алғыстарын айтты.
Жайық НАҒЫМАШ



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2014
3175
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру