Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы Исламдық қаржыландыруды дамыту тетіктері» тақырыбында брифинг өтіп, Исламдық қаржыландыру қауымдастығының президенті Ерлан Байдаулет осылай мәлімдеді.
- Жуырда ғана Ислам әлеміндегі аса ықпалды тұлғаларға берілетін мұндай марапаттың біздің ел басшысына берілуі Қазақстанның абыройын асқақтатты. Бұған дейін мұндай сыйлық бар-жоғы үш қана тұлғаға берілгені және оның бұл жолғысы біздің елге бұйыруы осы кезге дейінгі біздің елде жүзеге асырылған жұмыстарға берілген баға әрі азды-көпті жауапкершілік жүктейді деп қабылдаған жөн. Мемлекет басшысы бұл салаға көп көңіл бөліп келеді. Соның нәтижесінде Қазақстанның Исламдық қаржы жүйесінде ілгерілеушіліктер бар, - деді Ерлан Әлімжанұлы.
Келесі жылы Қазақстандағы Исламдық қаржыландыру жүйесін жан-жақты талқылайтын V халықаралық конференция өтетіндігін де ол атап өтті. Айтуынша, жыл сайын өткізіліп тұратын мұндай жиын араға жыл салып барып, Алматы мен Астана қалаларында алма-кезек ұйымдастырылып тұрады екен.
Нұрлыбек Досыбай
baq.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2014
3431
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру