Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тазалық табалдырықтан басталады

06.11.2014 3491 0 пікір

Тексеру комиссиясының жұмысы осы аптада «С.Ғылмани» мешітінде жалғасып, өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы қысқы маусымға дайындық барысымен, мешіттің ішкі-сыртқы ахуалымен танысты.

Өкіл имамның жетекшілігімен құрылған Тексеру комиссиясы қалыптасқан үрдіспен қала мешіттерін қысқы маусымға дайындығын тексеру жұмыстарын өткен аптада бастап кеткен еді. Кезекті кездесуде де қаланың байырғы орталығынан қоныс тепкен ғибадатхананың жай-күйі, жылу маусымына дайындығы комиссия мүшелерінің назарында болды.

Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ тарапынан жүктелген тапсырмалардың орындалу барысына көз жүгіртіп, ой сарабынан өткізді. Мешіт жамағатымен, жұртшылықпен етене жақын араласып, бұқарамен бір болу керектігін баса айтқан бас имам уағыз-насихат жұмыстарының бірізділігіне, дін насихатын барынша көркем де кемел түрде жүргізуге ден қоюды тапсырды.

«Дін – аманаты ауыр міндет. Бас мүфтиіміз тапсырған жұмысқа әрбіріміз жауапкершілікпен қарауымыз керек. Мешіт табалдырығының тазалығынан, кітап сөресінің жинақылыған дейін ел назарында. Ал, халықпен тығыз қарым-қатынас жасау, көркем насихат жүргізу – біздің негізгі міндетіміз болуы керек. Бұқараның діни сауаттылығын арттыру да күн тәртібінен түспеуі тиіс» деген өкіл имам дін қызметкерлеріне бірқатар ескерту һәм ақыл-кеңесін айтып, нақты тапсырмалар бойынша қызмет етуге шақырды. 

Жайық НАҒЫМАШ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру