Жуырда ғана Павлодар облысында ата-бабамыздан жалғасқан асыл дінімізді дамыту, ел болашағы-жастарды түрлі діни ағымдардан алдын алу, облысымыздағы имамдардың қызмет атқару мүмкіндігін жақсарту, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында «Әбу Ханифа» Қоғамдық Қоры құрылып, өкіл имам Н.Исеновпен «Әбу Ханифа» қоғамдық қоры төрағасы К.Кеңесбаевтар алдағы уақытта бірлесіп атқаратын іс-қызметтері бойынша өзара мәміле (меморандум) жасап қол қойғаны туралы хабарлаған едік.
Осы мәміле бойынша бірінші кезекте өкіл имам Н.Исенов және қоғамдық қор төрағасы К.Кеңесбаевтардың бастауымен алқа мүшелеріне құрылған үгіт-насихат топтары Ертіс, Ақтоғай, Шарбақты, Лебяжі, Ақсу, Май аудан мешіттері және Павлодар қалалық мешіттерінде болып қала, аудан халқы, мешіт жамағаты, ауыл, аудан басшыларымен кездесу жасады. Аталмыш шарада «Әбу Ханифа» қорының мақсат мүддесі туралы толық түсіндіріп, осы арқылы ауыл, аудан, қала имамдарының іс-қызметінің белсенділігінің артуы, олардың еңбектерінен күтілеті нақты нәтиже туралы сөздер қозғалып, жамағаттың қойған сұрақ-сауалдарына жауап берілді. Сонымен қатар қала, аудан, ауыл имамдарының іс-қызметі нәтижесін бақылауға арналған жалпы ереже таныстырылып, мешіт алқа мүшелерінің белсенділігі, дінге деген жанашырлығы артуының қажеттілігі де сөз болды. Осы тұрғыдан барлық мешіттердің алқа мүшелерін жаңалап сайлау, алқа мүшелері тарапынан көрсетілетін белсенділктер туралы нақтылы тапсырмалар беріліп, пәтуалар жасалды. Бұл жұмыс осы апта ішінде басқа да барлық аудан мешіттерінде жалғасын табатын болады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2014
3205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру