Жезқазғанда Қазақстан Республикасы 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелеріне арналған семинар өтті деп, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырыпBaq.kzақпараттық порталы хабарлайды.
Семинарды РАНТ-ның мүшесі, «Нұрлы білім» ҚБ-нің төрағасы, дінтанушы, тарих магистранты Рүстем Сыздықов жүргізді. Семинар барысында Р.Сыздықов дәстүрлі ислам дініндегі ханафи мазхабының қазақ қоғамындағы мәдени және әлеуметтік саладағы атқаратын тарихи ролі, «салафизм» идеологиясының дәстүрлі ислам дінінен айырмашылығын түсіндіру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары туралы, діни экстремизмнің зиянды тұстары, қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қандай сайттардан дәстүрлі ислам туралы ақпарат алуға болатынын, қандай рұқсат етілген кітаптарды оқуымыз қажеттілігіне, алдын ала жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі дайындаған, Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының арнаулы комиссиялық сараптамасынан өткен методикалық оқулық таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2014
3748
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру