Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар үйіне зиярат жасалды

05.11.2014 3507 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің  ұстазы  Әйгерім Ахметованың ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы «Облыстық балалар үйіне»  қайырымдылық шарасы жасалды.  4-18 жас аралығындағы 44 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйіне облыстық мешіт тарапынан жиі көмек көрсетіліп тұрады. Бұл жолы мешітте өткізілетін Құран үйретусабағына қатысып жүрген әйелдер жамағаты бірауыздан ұстаздары Әйгерімнің ұсынысын қолдап, жетім балаларды зиярат етуге, оларға азық түлік, киім кешектей көмек беруге қол ұштарын созды.

«Көп адамдар жетім балаларға тек материалдық көмек керек деп, қажетті заттармен қамтамасыз етуді ойлайды, шындығына келгенде олар рухани азыққа мұқтаж. Өздерімен сырласқанды, мұңдарын тыңдағанды және тағдыры туралы ой бөліскенді жақсы көреді. Сондықтан осы сапарымызда олармен әңгіме- дүкен құрып, Алладан дұға ету, Алланың  ешбір дұғаны кері қайтармайтынын, дұға қабыл болатын уақыттар жайында уағыз насихат айттық »,- дейді ұстаз Әйгерім Ахметова.

Ақтау қаласында 3 жетімдер үйі бар. Облыстық мешіттің бас имамы С.Сейтбековтің  нұсқауымен мешіт тарапынан жетім балаларға қайырымдылық шаралары жиі көрсетіліп тұрады. Алдағы уақытта да бұл шара  жалғасын таба бермек.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру