Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орбита» мешіті: Ашурадағы ауызашар

04.11.2014 3565 0 пікір


Кеше Алматыдағы «Орбита» мешітінде жамағатқа қасиетті Ашура күнінің құрметіне арнайы ауызашар ұйымдастырылды.

200-ден астам адамға арнайы жайылған дастарханда бас имам Асан Тілеубердиев жамағатқа уағыз айтып, Ашура күнінің артықшылықтары туралы салиқалы әңгіме өрбітті. «Мұндай қасиетті мұхаррам айындағы ашура күніндегі игілікті іс-шаралар жамағаттың басын біріктіруге үлкен сеп болмақ», – дейді бас имам Асан Тілеубердиев.

Ауызашарға жиналған дін жанашырлары мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, ізгі тілек-ниеттерін жеткізді.    

 

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру