Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қысқы маусым болсын деп қарекетті...

04.11.2014 3424 0 пікір

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған тексеру комиссиясы «Әс-Сәлам» мешітінде болып, ғибадат үйінің жылу маусымына дайындық барысымен танысты.

Өкіл имам сондай-ақ, Діни басқарма тарапынан түскен тапсырмалардың орындалуын бақылап, мешіттегі 2014-2015 оқу жылында «Нұр Мүбәрак» Ислам мәдениеті университеті мен «Астана» медресесіне түсуге әзірлік жасап жатқан дайындық курсының студенттерімен де кездесті.

Өкілдік басшылық еткен комиссия құрамында ҚМДБ-ның Заңгері Сағитжан Дәулетияр да болып, мешіт ұжымына ел аумағында жүргізіліп отырған дүние-мүлікті заңдастыру жайында ақпарат берді.

Кездесу барысында Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлы бесін намазына жиналған жұртшылыққа «Тәкфир, Джихад, Хижра» мәселелеріне қатысты шыққан ҚМДБ фатуалары туралы мәлімет беріп, ел арасында түрлі діни тартыстарды болдырмау керектігін, шариғи мәселе мен сенім төңірегіндегі сауалдар мен қажетті білімді мешіт имамдарынан ғана алу керектігін баса айтты.

Ал, комиссия өз жұмысын алдағы күндері елорданың өзге де мешіттерінде жалғастыратын болады.

Жайық НАҒЫМАШ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру