Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерекелік мәдени шара ұйымдастырылды

03.11.2014 3277 0 пікір

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің дініи сауат ашу курсының  барлық топтарында оқитын 70-тен астам әйел шәкірттері жыл басы - Мухаррам айы  Ашура күніне орай  1-қарашада арнайы бағдарлама бойынша мәдени шаралар ұйымдастырып өткізді.

Қарлығаш Қажымәлікқызы, Жұлдыз Кажуиева, Ақерке Тұрғанбай, Зәуре Шагиева қатарлы мешіттің білікті де тәжірибелі ұстаздары түгелдей қатысқан бұл шарада ұстаздар шәкірттерін аталмыш қасиетті күнмен құттықтай келе Мұхаррам айының маңыздылығы және Ашура күнінде кандай амалдар ісеуге болатындығы жайында кең көлемде  уағыз-насихаттар айтты. Айтылған тақырыпқа байланысты бірнеше  бейнероликтер көрсетіліп, шәкірттермен ұстаздар  Мухаррам айынның оныншы  күнінде қасиетті айдың  құрметіне орай   жаппай ораза тұтуға келісті.

Сонымен қатар, жалпы мұсылман баласы бір-біріне сыйлықтар беріп көңіл бөліп тұрудың үлкен маңыздылығы жөнінде уағыз айтыла келе  ортаға жеребе тасталып  ұстаздармен бірге шәкірттер бір-бірлеріне жаппай сый-сыяпаттар тарту етті.

Жеңіл жасалған мерекелік дастархан басында көңілді де берекелі отырысқа  ұласқан  шара соңы  Күлмәйкен әжей мен Бақытжамал әжейлердің ақ батасымен байыды.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру