Атырау облысы, Құрманғазы ауданында Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" ұйымдастыруымен "Діни құндылық − ұлт игілігі" атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталмыш конференцияға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы, теолог-исламтанушы Қанат Жұмағұл, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов, Құрманғазы ауданының әкімі Амангелді Барақатов, ауданның А.Құнанбаев және Ғ.Бегалиев атындағы мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Конференцияда тағылымды баяндамалар жасалып, қоғамдағы діни құндылықты арттырудың жолдары ортаға салынды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров конференцияда «Рухани құндылыққа қол жеткізу – адамзаттың бақыты» деген тақырыпта баяндама жасады. Онда бас имам: «Рухани құндылық адам өмірінің дұрыс қалыптасуына алып баратын бірден-бір фактор. Себебі, мына дүниеде сенімі жоқ адам болғанмен, ешбір дінсіз қоғам жоқ екені баршаға аян. Ал қоғамның мүшесі болып табылатын әрбір адам үшін діни құндылықтың орны ерекше. Бүгінде сол діни құндылықты дұрыс түсінбеудің салдарынан бір дінде жүрген жандар өз арасында әрі тартта бері тарт жағдайға душар болуда. Бір діннің ішінде осылай жік-жікке бөлініп, жұдырықтай жұмыла алмай жұтаңдықта күй кешуіміздің себебі діни сауаттылықтың дұрыс қалыптаспауынан. Ал рухани құндылыққа қол жеткізу қашан да адамзаттың бақыты болып қала бермек», - деді.
Шара аяқталған соң дін өкілдері 2 айдан бері күрделі жөндеуден өткен аудандық "Темірәлі" мешітінің ашылу салтанатына қатысты. Кейін мұсылмандардың қасиетті күні облыстың бас имамы Батыржан Берденұлы "Мұхаррам айы және ашура күнінің қасиеті" тақырыбында уағыз жүргізіп, жұма намазын өткізді.
Атқарлыған шаралар соңында Мұхаррам айы құрметіне дастархан жайылды. Дастархан басында ауылдың зиялы қауымы және ақсақалдар ақ батасын берді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.11.2014
4026
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру