Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бір күнде өткен келелі кездесулер

03.11.2014 2967 0 пікір

Жастық шақ адам өмірінің ең қызықты да, қайрат-жігерге толы керемет кезеңі. Біздің елімізде ресми түрде адам өмірінің жастық шағы деп 14 пен 29 жас аралығындағы кезең саналады. Жастар дегеніміз – ел ертеңі. Бүгінгі жастарымыздың ой-өрісінің қалыптасуы, оқу мен еңбекке деген ынтасы, азаматтық және патриоттық сезімдері, адамгершілік қасиеті ертеңгі күні ел тағдырын айқындайтын болады.

Сол сезімдердің дұрыс қалыптасуы үшін, жоғарғы буын өскелең ұрпақтың тәрбиесіне жіте көңіл бөлгені дұрыс. Осы мақсатта қаламыздың жастарымен кездесулерді жиі өткізіп тұру бір жолға қойылған.  

Талдықорған өңірінің өкілдігіне қарасты жастар ісі бір күнде төрт кездесу жасап, қала жастарының көкей-кесті сауалдарына жауап беріп, жүректеріне ізгіліктің дәнін себуге әрекет қылды. 

Еліміздің келешегі қолында құраны, жүрегінде иманы бар ұрпақ болары да ақиқат.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру