Облыс әкімінің қолдауымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының үлкен залында «Терроризм және экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында кездесу болып өтті.
Оған Алматы қаласынан арнайы келген ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері, РАНТ мүшелері Ғазиз Бекмұхамедов, Сапар Абдрахманов, Борис Халтурин, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов, облыстық, қалалық мешіттерінің Бас имамдары мен найб имамдары, мешіттің ақсақалдары, мемлекеттік қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.
Шарада Орал қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы сөз алып, келген конақтарға сәттілік тіледі.
Ұзақ уақыт ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен, қазіргі уақытта зейнеткерлік шыққан ардагерлер Ғазиз Мұхамедғалымұлы «Қазақстандық патриотизм-ұлтаралық және конфессияаралық» тақырыбында баяндама жасаса, Сапар Қопабайұлы «Қазақстан – 2050» стратегиясы және ұлттық қауіпсіздік» турасында сөз қозғаса, Борис Иванович «Терроризм және экстремизмнің алдын-алу жұмыстары» тақырыбы хақында баяндамасын оқыды.
Жиылған қауым көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, мазмұнды мағлұматтар алды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2014
3210
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру