Қазан айының 27-30 аралығында Атырау облысының мешіт қызметкерлері мен имамдары үшін біліктілік арттыру курстары өткізілді. Осыған орай, 30-қазан күні облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында дін қызметкерлеріне аталмыш курсты тәмамдағанын растайтын сертификаттар табысталды.
Шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Атырау облысы бойынша Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлкеттік қазыналық кәсіпорнының маманы Лаура Ғазизова және облыс пен қала имамдары қатысты.
Өңірдің өкіл имамы Батыржан Берденұлы имамдардың басын қосып, біліктілігін арттырудағы мақсатына тоқталып: «Жаһандану заманында дін қызметкерлеріне жан-жақты білім алу аса қажет. Бүгінгі мақсат − білікті имамдар санын көбейту, сол үшін бәріміз жұмылып жұмыстануымыз керек» – дей келе, имамдарға кезекті сертификаттарын ұсынды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.11.2014
3277
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру