Шымкент қаласындағы "Кема" қонақүйінің мәжіліс залында ОҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Зайырлы мемлекет - ұлт пен дін тұтастығының кепілі" тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинарға Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен облысқа қарасты қала, аудандардың имамдары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, дінтанушы-теологтар, т.б. қатысты.
Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек «Дәстүрлі діндердің қоғамдағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықты сақтау мәселелері, оңтүстік өңіріндегі мешіттердегі ахуал, деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстардың жүзеге асырылу жайы, дін қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, т.б. көптеген мәселелер әңгімеге арқау болды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2014
4350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру