Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде шәкірттердің қасиетті Құранға деген құштарлығын ояту және білім деңгейлерін көтеру мақсатында жыл сайын Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан жарыстар ұйымдастырылып келеді.
Жақында өткізілген мұндай байқау облыстың аудандары мен қалаларында, қаншама болашағынан үміт күттіретін дарынды жастардың аз еместігін көрсетті.
Оларды жарысқа қатыстырмас бұрын жергілікті жерлердегі мешіттерде имамдар жан-жақты дайындады. Осы тынымсыз жұмыс өз нәтижесін берді.
Мәселен, Құранды жатқа оқудан:
І-ші орынды – Қостанай қаласынан Дастан Ислам;
ІІ-ші орынды – Арқалықтық Баубек Сыздықов;
ІІІ-ші орынды – Жітіқаралық Арыстан Мүсірепов иеленді. Бұлардың бәрі де тынымсыз ізденіс үстіндегі шәкірттер.
Сондай-ақ, Құранды мәнерлеп оқудан:
І-ші орынды – Затоболдық Абылай Төлегенов;
ІІ-ші орынды – Затоболдық Ғалия Бегалинова;
ІІІ-ші орынды – Қарабалықтық Ибраһим Арғынбай жеңіп алды.
Ерекше тоқтала кетер жай, биыл облыста азан айтудан жарыс алғаш рет өткізілді. Соған қарамастан оның нәтижесі өте көңіл қуантарлықтай болды.
Байқаудың бұл түрінен жүлдені:
І-ші орынды – облыстық «Марал ишан» мешітінен Айбек Ғалым;
ІІ-ші орынды – «Качар» мешітінен Марат Бейсембаев;
ІІІ-ші орынды – Қостанай қалалық мешітінен Еркебұлан Қошан иеленді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады. Оларға ақшалай сыйлықпен Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2014
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру