Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Білімді мыңды жығады (ФОТО)

31.10.2014 3556 0 пікір

Талдықорған қаласында өңірдегі имам-молдалардың білімі мен білігін арттыру мақсатында бес күндік семинар болды.

Білім жетілдіруге өңірдегі 100-ден аса имам қатысы. Бұл семинардың ерекшелігі – ақида (сенім), фиқһ (құқық) дәрістерінен бөлек, мәзһабтар тарихы, хадис ілімі, уағыз айтудың тәжірибесі, имам әдебі,  көркем уағыз, қоғамдағы өзекті діни мәселелердің шешімі сияқты сабақтарды діни басқарманың білікті мамандары мен еліміздің дін мамандары берді.

Атап айтсақ, Әбу-Ханифа ғылыми зерттеу орталығының қызметкері,  ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы «Ақида» ілімі жайында дәріс оқыса, теология ғылымының докторы Мұхиддин Исаұлы «Фиқһ» (отбасы, неке т.б) мәселелер жайында, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, исламтанушы, ғалым Қайрат Құрманбаев «Құран және Хадис ілімі» тақырыбында өрбітсе және имамдар шешендік өнер, аудиториямен жұмыс істеу, уағыз-насихат айтудың методикасы, имам әдебі сияқты қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша қамтылып, бірнеше тақырыптарда бес күн бойы білімдерін шыңдады.

Семинар арнайы демалыс орнында өтті. Сонымен қатар, «Денсаулық зор байлық» дегендей имам-молдалар арасында волейболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Өкіл имам Серікхан Рымханұлы имамдарды бірауыздан дінімізге адал, қалтқысыз қажырлы қызымет етуге шақырып, Бас мүфтидің тапсырмаларын жеткізді. Солардың ішінде зекет мәселесін қолға алудың маңыздылығында аңғартты.

Соңында бес күн бойы білім алған имамдарға арнайы сертификаттар табыс етілді.

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру