Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр еліне Әл-Азһар университетінің түлегі Мәлік Төлеубай келді

30.10.2014 3651 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешіті мен жергілікті Дін басқармасының ұйымдастыруымен Сыр еліне арнайы дінтанушы, білікті маман, Әл-Азһар университетінің түлегі Мәлік Төлеубай келіп, жоспар бойынша бірнеше кездесулер мен маңызды семинарлар өткізбек.

Аталмыш 1 апталық сапар барысында орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінде имамдардың білімін жетілдіру мақсатында имамдарға апталық семинар өткізу, Орталық мешітте, Нұр, Айтбай және Ыбырайым молда мешіттерінде ақшам мен құптан намаздарының арасында жиналған жұртшылыққа ынтымақ пен бірлік және жат ағымның қателіктеріне тоқталып уағыз-насихат жүргізеді. Сондай-ақ, жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, түрлі экстремистиік жолдармен абақтыға түскендермен күнделікті бірнеше кездесулер жалғаспақ.

Имамдардың білімін жетілдіру семинары

Орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінде қала имамдарына арнайы ақида мен маңызды сұрақтарды қамтитын семинар басталды. Семинарда Әл-Азһар университетінің түлегі Мәлік Төлебай сабақ беруде.

Бүгінгі күні қай ағым болмасын өз ұстанымдарын алға тартып, оған түрлі жолдармен өздерінше дәлелдеп, ұстанымдарына үгіттеп келеді. Осы жағын алдын алу мақсатында имамдардың білімді болуы, сол келтірген дәлелдерінің негізі қайдан және шындығында қалай болу керектігін жетік түсіндіре алу үшін бұл семинардың маңызы зор. Толыққанды болмаса да қарапайым халыққа ақ қараны ажыратып айтып бере алатын жағдайға жету бүгінгі күннің талабы. Имамдарымызды осындай жағын баса оқыта отырып керітартпа ағымдардың үгітін тосқаулдасақ дәстүрлі дініміз кең шарықтап, еліміз тыныштық пен татулықта болары сөзсіз.

Осындай мақсатты алға қоя отырып, арнайы Сыр еліне атбасын бұрған білікті дінтанушы Мәлік Төлебаймен семинарымызды бастап жібердік. Бүгінде осы тақырыптарда кеңінен дәріс өтіліп, кей дәрістер бұрыннан жиналған өзекті сұрақ-жауаптарға арналуда.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз бөлімі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру