Орал қаласындағы «Шапағат» балалар медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Қайырымдылық - қасиетті парыз» атты қайырымдылық шарасы болып өтті.
Бұл шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов, ата-аналар, мекеменің қызметкерлері қатысты.
«Шапағат» мекеменің директоры Нәсіп Мусина сөз алып, барша жиылған қауымға сәттілік тіледі.
Орал облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы «Шапағат» ұжымында тәрбиеленіп жатқан балаларға сәттілік тілеп, жақсы тәлім-тәрбие беріп жатқан ұстаздарға алғыстарын айтып, ата-аналарына сабырлық жайында уағыз айтып, жақсылықты Алладан тілеп, үміттерін үзбеуге шақырды. Жас сәбилерге зиярат етіп, ауруынан айығып кетуін Алладан сұрап, дұға етті.
Бұл мекемеде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар тәрбиеленуде. Тәрбиеленуші балалар өз өнерлерін ортаға салып, жүректегі жырларын оқып, әсем әндер орындаған кезде жиылған қауымды өзіне баурап алды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.10.2014
3894
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру